Текст
29 мамыр 2024 жылы Аңғал батыр аулының жалпы орта білім беретін мектебінде 9 сынып оқушылары қазақ тілі пәні бойынша қорытынды мемелекеттік емтиханы ұйымдастырылып, өз деңгейінде өткізілді. Емтихан басталмас бұрын мектеп директоры Камалиева Н.Х. оқушыларға сәттілік тілеп, сынақтан сүрінбей өтетіндеріне сенім білдірді. Биылғы 9-сынып бітіруші түлектер саны - 11 оқушы. . Оқушыларға емтихан материалдары 10.00-де таратылып, 2 сағат уақыт беріліп, 12:00-де аяқталды. Қорытынды аттестаттау барысында емтихан талаптары қатаң түрде сақталды. Әр сыныптағы емтиханға бір емтихан алушы мен 2 ассистент ұстаз қатысты. Қорытынды аттестаттау өз деңгейінде өтті.