2022-2023 оқужылындағы І жартыжылдықбойыншатәрбие
жұмысыныңЕСЕБІ
«Аңғал батыр ауылының ЖОББМ» КММ
2022-2023 оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша тәрбие жұмысының
ЕСЕБІ
Аңғал батыр ауылының жалпы орта мектебінде «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылды.
2022-2023 оқу жылында құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде төмендегі жобалар басшылыққа алынды:
✓ «Оқуға құштар мектеп»;
✓ «Отбасы – орта мектеп»;
✓ «Құқықтық сана – қауымға пана»;
✓ «Дәстүр мен ғұрып»;
✓ «Еңбек – елдің мұраты»;
✓ «Үнем – қоғам қуаты»;
✓ «Дебат» қозғалысы;
✓ Оқушылардың «Өзін-өзі басқару» ұйымдары;
Тәрбие бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар.
Тәрбие жұмысының 8 басым бағыттары және жобалар бойынша жоспары құрылып, төмендегідей іс-шаралар өткізілді.
Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағыты бойынша 1 қыркүйек күні Білім күніне арналған мерекелік іс-шарадан басталды. Білім күніне орай мерекелік іс-шарадан кейін сынып жетекшілері «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.