20 қараша – «Дүниежүзілік балалар күні»
1954 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы барлық елдерге бейбіт бауырластық күні ретінде, сондай-ақ бүтін әлемдегі балалардың есен-саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуді өмірге енгізуді ұсынды. Халықаралық ұйым ел үкіметтеріне бұл күнді өз қалаулары бойынша кез келген датада атап өтуді ұсынды.
1959 жылғы қараша айының 20-ы күні Ассамблея Бала құқықтары жөніндегі декларацияны және 1989 жылы дәл осы күні Балалар құқықтары туралы конвенцияны қабылдады. Осыған байланысты 1990 жылдан бастап бұл тарихи сәт Дүниежүзілік балалар күні болып белгіленді.
Құрметті балалар, достар, ата - аналар! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!
Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Әр уақытта аспандарын ашық, дендері сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз!
@aqmoedu
@kopd_mon_rk
#правадетей
https://www.instagram.com/p/CWfkK1ltO6A/?utm_medium=share_sheet