"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АҢҒАЛ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА АНГАЛ БАТЫР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желіде

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Келісім шарттың үлгісі

08.01.2025

Консультациялық пункт және баланың ата-аналары

арасындағы өзара ынтымақтастық туралы

ШАРТ

 

№_________________мектепке дейінгі ұйымы (бұдан әрі – МДҰ) мен баланың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өзара міндеттемелері туралы 

«_______»__________20___ж. №________шарт __________________________________ мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі атынан №__________________ мектепке дейінгі ұйым бір тараптан және __________________________________ анасы (әкесі, оларды алмастыратын тұлға), бұдан әрі «Ата-ана» деп аталады, келесі тараптан төмендегі мазмұнда осы Шартты жасасты:

 

1. Мектепке дейінгі ұйым міндеттенеді:

1.1. Ата-анасының өтініші негізінде баланы МДҰ-ның консультациялық пунктіне есепке алу.

1.2. Баланың өмірі мен денсаулығын қорғауды, оның зияткерлік, дене және жеке дамуын қамтамасыз етуге; баланың даму ерекшеліктерін ескере отырып, оған деген жеке әдісті жүзеге асыруға, баланың эмоциялық игілігіне қамқорлық жасауға.

1.3. Заттық-дамытушылық ортаны ұйымдастыру (үй-жайлар, жабдықтар, оқу-көрнекі құралдар, ойындарға арналған материалдар).

1.4. Баланың әрекетін жасына, жеке ерекшеліктеріне, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес ұйымдастыру.

1.5. Мамандар қызметін ұсыну.

1.6. Бала ауырып қалғанда, сондай-ақ ата-анасы (заңды өкілі) дәлелді себептермен (ауруы, іссапар және т.б.) демалыста және уақытша болмаған жағдайда балабақшаның кеңес беру пунктінде баланың орнын сақтау.

1.7. МДҰ-ның консультациялық пунктінде болған кезеңінде бала мүлкінің пунктте сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

1.8. Ата-анаға (заңды өкілге) баланы тәрбиелеу мен оқытуда, оның дамуындағы ауытқуларды түзетуде білікті көмек көрсету.

1.9. Осы Шартты сақтау.

2. Ата-ана міндеттенеді:

2.1. Осы Шартты сақтау.

2.2. Баланың алдағы уақытта болмауы туралы балабақшаға хабарлау (демалыс, ауру және т.б.).

2.3. Баланы тәрбиелеу мен оқытудың барлық бағыттары бойынша МДҰ консультациялық пунктімен өзара әрекеттесу, бірлескен іс-шараларға белсенді қатысу.

 

3. Мектепке дейінгі ұйым құқылы:

3.1. Баланың консультациялық пунктте одан әрі болуына кедергі келтіретін баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды болған кезде, баланы шығарып жіберуге.

3.2. Ата-анасы (заңды өкілі) өз міндеттемелерін жүйелі түрде орындамаған жағдайда, оған бұл туралы 10 күн бұрын хабарлап, осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

4. Ата-ана құқылы:

4.1. Балабақшаның консультациялық пунктінде балалармен жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу.

4.2. Консультациялық пункттің жұмысы туралы есептерді тыңдау.

4.3. Мектепке дейінгі ұйым басшысына бұл туралы алдын ала 10 күн бұрын хабарлай отырып, осы Шартты бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзу.

5. Шарттың қолданылу талаптары.

5.1. Шарт оған қол қойылған сәттен бастап қолданылады, тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.

5.2. Шартқа өзгерістер, толықтырулар Шартқа қосымша түрінде ресімделеді.

6. Тараптардың жауапкершілігі.

6.1. Тараптар міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін жауапты.

7. Шарттың қолданыс мерзімі ______________ - _______________ аралығында.

8. Шартқа қол қойған тараптар:

 

№ МДҰ меңгерушісі:________ Т.А.Ә._________________________ _____________________ М.О.

(қолы)

«___»____________20___ж.

Ата-ананың (заңды өкілдің) Т.А.Ә._________________ Мекенжайы:____________________ ____ __________________/___________ (қолы)

 «___»____________20___ж.

                                                                             



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 08.01.2025 17:34
Құрылған күні: 08.01.2025 17:49

Текст